Университет педагогикалық қайта даярлау курстарының тыңдаушыларын қабылдауда



    • Университет педагогикалық қайта даярлау курстарының тыңдаушыларын қабылдауда

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

      Педагогикалық қайта даярлау курстарының тыңдаушыларын қабылдауда.

      Курстарға жоғары педагогикалық емес білімі бар барлық тілек білдірушілер жазыла алады. Оқу мерзімі 9 ай, педагогикалық қайта даярлау бағдарламасынан сәтті өткен тыңдаушыларға сертификат беріледі. Сертификаттың Ұлттық білім беру деректер базасына енгізілген сериясы мен нөмірі болады.

      Қазіргі уақытта қабылдау келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш сынып мұғалімі» «Дефектология», «Логопедия», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Екі шетел тілі», «Физика», «Математика» және т. б. Курс оқу тобының құрылуына қарай басталады.

      Байланыс телефондары: тел. 8701 338 46 56, 8(727) 2370140

      2020-21 оқу жылында «Логопедия-дефектология» мамандығы бойынша педагогикалық қайта даярлау курсының тыңдаушылары оқудан сәтті өтті.

      Курс тыңдаушылары мамандық бойынша табысты жұмыс істеуде.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: