QYZPU пікірсайыс клубының мүшелері республикалық турнирден жүлделі оралды



    • QYZPU пікірсайыс клубының мүшелері республикалық турнирден жүлделі оралды

      АЛМАТЫ. 4 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ. Қазақ ұлттық қыздар  педагогикалық университетінің Пікірсайыс Клубының  мүшелері  Тоғжан Әмірбекқызы  мен  Жанерке  Ержанқызынан «Ice scream VIII» Республикалық жас пікірсайысшылар турнирінде  І орын иегері атанды.

      2-3 сәуір күні  Алматы  қаласындағы  таңдаулы  экономистер одағы жоғарғы  пікірсайыс  мектебінің  ұйымдастыруымен  өткен  додаға   Алматы,  Шымкент,  Тараз,  Ақтөбе тағы  да  басқа қалалардан   60 фракция бойынша  120 спикер қатысқан. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен 6 команда  сайысқа  түсті. Әр командада  2 спикерден бар.  Іріктеуде  60 фракция 4 ойынға  қатысып, яғни 4 қарар бойынша  пікірсайысқа  түседі.  Үздік  ойын көрсеткен   32 команда Плей – офф кезеңіне  өтеді.  Бұл кезеңде  де    4 қарар бойынша  әр ойын сайын үздіктер анықталып,  финалда  тек  екі  команда жарысып,  жеңіске  жетеді.

      Сайыскерлер қазақ хандары  мен  батырларын насихаттаудың  тиімді  механизімі, тұрғын үй  нарығындағы алып-сатарлықты  тоқтату, Қазақстан Республикасы  ЕАЕС-тен  шығуы  керек  пе, Ресейдің  Украинаға  деген агрессиясына  Қазақстан ретінде  оң  баға  беру, ішкі  істер министрлігін реформалаудың  тиімді  механизімі секілді  әртүрлі  саяси,  әлеуметтік тақырыптар бойынша  өз ойларын ортаға  салып,  пікірталасқа  түсті.

      Осындай қиын да  күрделі  кезеңдерден сүрінбей  өткен  біздің команданың  спикерлері  университеттің  2 курс студенті  Тоғжан Әмірбекқызы  мен  Жанерке  Ержанқызы университеттің психология  және  химия  мамандығында  оқиды.  Айтулы  додадан жеңіспен  оралған командаға және  сайысқа  қатысқан  барша  команда  мүшелерін жетістіктерімен   құттықтаймыз!

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: