«Қазақ қызы – бүгінгі студент, ертеңгі ана»



    • «Қазақ қызы – бүгінгі студент, ертеңгі ана»

      АЛМАТЫ. 5 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Студенттер үйінде «Қазақ қызы – бүгінгі студент, ертеңгі ана» атты қазақ қыздарының ұлттық мәдени-рухани байлығын насихаттау мақсатымен дөңгелек үстел өткізілді.

      Педагогика және психология институты, Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Толебаев Деңгельбайдың ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел спорттық және мәдени шаралардан құралып, университет студенттік үйінің студенттері, студенттік кеңес төрайымы мен мұшелері, ғылыми кітапхана мамандары, Педагогика және психология институты директорының орынбасары Адасқанова Жадыра Кайратқызының қатысуымен өтті.

      Ғылыми кітапхана «Ұлы дала арулары» көрмесін, студент «Мен бәрін өз қолыммен жасаймын» көрмесін ұсынған болатын. Сонымен қатар, қыздар құқықтарын қорғау мәселесінде сұрақ-жауап өткізіліп, тоғызқұмалақтан жатақхана студенттері арасында сайыс өткізілді.    

      Шара соңында Адасқанова Жадыра Кайратқызы әр бағыт бойынша белсенділік танытқан студенттер мен шара ұйымдастыруына қатысқан мамандарға алғыс білдірді. Студенттер Жақсылық Балнур, Ержан Айман, Қырғызбай Дилназ, Милялканова Манлық, Ислам Меруерт, Ақмалова Малика, Шораханова Ақниет, ғылыми кітапхананың сектор меңгерушісі Алмекеева Назира марапатталды. 

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: