Құрметті студент, маңызды ақпарат!



    • Құрметті студент, маңызды ақпарат!

      АЛМАТЫ. 5 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Құрметті студент, назарларыңызға маңызды ақпаратты ұсынамыз. Шет елде білім аламыз десеңіздер, 2022-2023 оқу жылының академиялық ұтқырлық бағдарламасын жіберіп алмаңыздар.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті 2022-2023 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін бюджет қаражаты мен студенттер санын бөлді.

      Атап айтқанда, Еуропалық Одақ елдеріне 5 орын, АҚШ - 1 орын, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне 3 орын бөлінді.

      Қазіргі уақытта Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Еуропалық Одақ, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің серіктес жоғары оқу орындарымен келіссөздер жүргізуде.

      Барлық сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.

      Телефон: +7 (727) 237-00-50, каб.128

      E-mail: academicmobility@bk.ru

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: