QyzPU студенті «ТМД-ның үздік студенті» атанды



    • QyzPU студенті «ТМД-ның үздік студенті» атанды

      АЛМАТЫ. 6 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Физика мамандығының 1-курс студенті Сәбитқызы Әсем Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері арасында өткізілген «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық байқауының Төсбелгісі мен ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

      Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен өткізілген «ТМД-ның үздік студенті» жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында  кітап жинағының шығарылымына  Халықаралық байқау жарияланған болатын.

      Конкурстық негізде енгізілген жинаққа студенттер арасында «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, жобалардың, конференциялардың тағы да басқа академиялық және ғылымда, спортта жетістіктерге жеткен жеңімпаздар, белсенділер енгізілді.

      Байқауға дайындалған жұмыстар бірнеше ғылым, өнер, спорт, ұйымдастырушылық бағыттар бойынша қабылданды. Жеңімпаздар  «ТМД-ның үздік студенті» төсбелгісі, куәлік және жүлделі орындармен марапатталды.

      Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, 6В01504 – Физика мамандығының 1-курс студенті Сәбитқызы Әсем аға оқытушы Копенбаева Амангүл Санаққалиқызының жетекшілігімен конкурсқа қатысып, ғылыми жұмысы жоғары бағаланды. 

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: