Ең ірі ғылыми фестиваль – IV Нобель Fest-ке тіркелу басталды



    • Ең ірі ғылыми фестиваль – IV Нобель Fest-ке тіркелу басталды

      АЛМАТЫ. 6 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақстанда Орталық Азия мен Кавказдағы ең ірі ғылыми және білім беруге арналған Нобель фестивалі 12-22 сәуір аралығында өтеді.

      Аталмыш іс-шара 10 күнге созылады. Биылғы жылдың тақырыбы – «Экспоненциалды инновациялар әлемі». IV халықаралық онлайн-фестиваль әлемдік ғылым жұлдыздарын, инноваторларды, новаторларды және бизнес-спикерлерді жинайды. Биыл Нобель фестивалі Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Сауд Арабиясында бір уақытта өтеді.

      IV Нобель фестивалі жаңа экономиканы модельдеуге, жасанды интеллекттің үстемдігіне, шығарындарды азайту және цифрлық метаәлемде өмір сүру мәселелеріне арналған. Сарапшылар келесідей сұрақтарға жауап беретін болады: болашақ жұмысы қандай болады, 21 ғасыр маманына қандай қабілеттерге ие болуы қажет, NFT дегеніміз не, блокчейн индустриясы одан әрі қалай дамиды, бәріміз жаңа өмірге қалай дайындала аламыз және болашақтың адамы қандай болады. Бұл сұрақтардың барлығы қазіргі уақытта - өзгермелі технологиялар дәуірінде өте өзекті.

      Нобель фестивалінде сондай-ақ Нобельдік дәрістер апталығы өтеді, ол Нобель сыйлығының 10 лауреаты мен Серпін сыйлығының (Breakthrough  немесе "Ғылыми Оскар" – жаңашылдық үшін берілетін сыйлық $3 млн) лауреаттарының дәрістерін тыңдауға бірегей мүмкіндік береді.  Дәрістер онлайн режимінде өтеді және 18-22 сәуір аралығында тіркелгеннен кейін барлығына тегін қолжетімді болады.

      Нобель фестиваліне тіркелу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз:

      https://nobel-fest.org/

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: