Университет Ректоры олимпиада жеңімпаздарын құттықтады



    • Университет  Ректоры  олимпиада  жеңімпаздарын құттықтады

      АЛМАТЫ. 7 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – QyzPU басқарма  төрағасы  университетіміздің  «Мәдени тынығу  жұмысы» және «Хореография» мамандығының  студенттері мен  жетекшілерін республикалық олимпиададан жүлделі  оралуымен  құттықтап,  алғысхатпен  марапаттады. 

      Университетіміздің «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығының   білім  алушылары   Тараз қаласында өткен  «Тынығу» білім  беру  бағдарламалар тобы  бойынша  республика  көлемінде  өткен  жоғары  оқу  орындары  арасындағы  дәстүрлі  пәндік  олимпиадада  жоғары нәтиже  көрсетіп, жүлделі  І орынды иеленген болатын. Қатысушылар І  турда «Мәдени тынығу  теориясы  мен  тарихы» пәнінен тест тапсырып,  қорытындысында  жоғары  балмен ІІ турға өткен. Келесі кезеңде «Бала арманы» атты  театрландырылған қойылымды  үздік орындап шыққан.

      Сонымен  қатар,  білім  ордамыздың  «Томирис» би тобы  да  хореограф Мінтай  Тілеубаевтың 75 жылдығына  арналған «Хореография» білім  беру  бағдарламасы  бойынша  жоғарғы оқу  орындарынан 9 команда  қатысқан сайыста  жүлделі  ІІ орынды иемденді.

      Осы  жетістіктеріне  орай  студенттер Ректордың  қабылдауында  болып,  өз әсерлерімен  бөлісті.  Сонымен  қатар, Басқарма  төрағасы  Гүлмира  Қанайға Мұхамет -Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Талғат Ешенқұловтың аманаттаған  алғыс  хатын өз қолына  табыстады.  Алғыс хатта «... пәндік  олимпиаданың  жоғары  деңгейде  өтуіне қолдау  көрсетіп, өзіңіз басшылық жасап  отырған оқу  ордадан белсенді  үздік  студенттердің  қатысуына ықпал жасағаныңыз үшін алғысымызды  білдіреміз» делінген.

      - Тараз қаласы бізді өте жақсы қарсы алды. Қонақжайлылық көрсетті. Олимпиадаға республикамыздың ірі қалаларынан сайыскерлер қатысты. Қарсыластарымыз да осал болған жоқ. Дегенмен біздің топтың дайындығы, сахналық қойылымымыздың көркемдік деңгейі жоғары болып, жеңіске жеттік. Олимпиада ұйымдастырушыларынан көптеген тәжірибе жинап, тамаша әсермен қайттық – дейді аталмыш шарада  «Ең  үздік  әйел бейнесі» номинациясының  иегері атанған Шакен  Анель.

      Жеңімпаздарымызды  жеткен  жетістіктерімен  құттықтаймыз! Алда  талай  асуларды  бағындыратынына  сенім білдіреміз!

      «Білімді  ұрпақ – жарқын болашақ!» атты  ХІV Республикалық студенттік  пәндік олимпиада жеңімпаздары: 

      • Ай-Шолпан Нұрланқызы
      • Дурдана Максудкызы
      • Анел Нұрланқызы
      • Амина Серікқызы
      • Аружан Ержановна
      • Әсел Дәулетқызы
      • Ақерке Жұмалықызы
      • Нәзия Досымқызы
      • Ғайнижамал Мейбанбекқызы
      • Арайлым Сабитқызы
      • Анель Жеңісқызы
      • Мөлдір Сейдахметқызы

      Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Қоспағарова Әсем  Қабидолдаевна

      Шығармашылық жетекшісі: магистр, оқытушы Жәмиля Ахмет-Әлиқызы

      Мінтай  Тілеубаевтың 75 жылдығына  арналған «Хореография» білім  беру  бағдарламасы  бойынша республикалық олимпиада жүлдегерлері:

      1. Рената Альшимбаева
      2. Мариям Шарипова 
      3. Дильфуза Бегимкулова
      4. Анастасия Михеенко

      Жетекшілері: PhD докторы Анипа  Ерланқызы

      Аға  оқытушы Анар Алиханқызы

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: