QyzPU cтуденттері жетістіктерімен қуантуда



    • QyzPU cтуденттері жетістіктерімен қуантуда

      АЛМАТЫ. 14 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері ғылым саласындағы додаларда топ жарып келеді. Ғылым апталығы аясында Университет беделін көтеруге ат салысып жүрген студенттермен таныстырамыз.   

      Ағымдағы жылдың басынан QyzPU студенттері түрлі ғылыми жобалар сайыстарында Қазақстан студенттері, ТМД студенттері арасында бақтарын сынап, жүлделі орындар мен номинацияларға ие болып келеді.

      Атап айтқанда, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты «Цифрлық аналитикалық білім беру жүйелерін жобалау» білім беру бағдарламасы және «Ақпараттық жұйелер» мамандықтарының 1 курс студенттері Амангелді Балауса мен Қажыбаева Айжан жетекшілері Алимбаева Жадыра Нұрдәулетқызымен  Нұр-сұлтан қаласында өткен «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен Халықаралық студенттер қауымдастығы ұйымдастырған 2022 жылғы «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық жобасының жеңімпаздары атанды. Жас ғалымдар «Абай мұрасы – ұлтымыздың рухани байлығы», «Жоңғар Алатауында өсетін өсімдік түрлерін зерттеу» ғылыми жұмыс тақырыптарын қорғады. Студенттеріміз білім, ғылым, спорт және мәдениетке қосқан үлестері үшін төсбелгілерімен және «ТМД-ның үздік студенті – 2022» төсбелгісінің куәліктерімен, Амангелді Балауса І дәрежелі дипломына ие болса, Қажыбаева Айжан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.   

      Сонымен қатар, Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 2 курс студенті  Талиппай Гүлназ «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «ТМД-ның үздік студенті» атты халықаралық байқауға қатысып, ІІІ дәрежелі дипломды иемденді.

      «Математика – физика» мамандығының 3-курс студенттері Хамитова Айзада мен Сапаралықызы Дильназ «Ғылым мен Ағарту» ғылыми орталығының ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбында өткізілген халықаралық ғылыми практикалық конференциясында «Methods of solving an Incorrectly Poseol problem of Metallurgical Heat Engineering» тақырыбында баяндама жасап, физика-математика ғылымдары секциясы бойынша І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

      Университетіміздің «Математика» мамандығының 2-курс студенті Әлібек Нұрбақыт пен «Математика-информатика» мамандығының 3-курс студенті Даирбай Жұлдыз Е.Қ.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен «АКТ қолдану бойынша студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстары мен шығармашылық жобаларының V халықаралық байқауында «Атмосфераға таралған зиянды заттар концентрациясы мөлшерін анықтаудық математикалық және компьютерлік моделін құру тақырыбында баяндама жасап, физика-математика ғылымдары секциясында жүлделі ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Студенттерінің айтуы бойынша, Сейтбекова Гүлжан Оразбековнаның жетекшілігімен сайысқа дайындық жақсы өтіп, баяндама барысында тақырыпты толық аша алды.

      Жас ғалымдарымызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта тағы  да  биіктерден көрініп,  жеңістерге  жетуіне  тілектеспіз!

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: