Ғылыми жұмыс жазудың халықаралық ережелері турасында дәрістер өтті



    • Ғылыми  жұмыс  жазудың  халықаралық ережелері  турасында дәрістер өтті

      АЛМАТЫ. 14 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ. QyzPU –да  «Ғылым апталығы» аясында  ұйымдастырылып  жатқан іс-шаралар легі  жалғасуда.  Бүгін «Эссе  туралы жалпы  мағлұмат» тақырыбында қонақ дәріс  және  «АРА стилінде  ғылыми жұмыстарды жобалау : дәйексөз және  сілтемелер» тақырыбында  workshop өтті.

      Бүгінгі  таңда  халықаралық деңгейде  эссе  жазудың  арнайы  ережелері  бекітілген.  Шетелге  барып оқитын әрбір ізденуші  осы  ережелерге  сай  барлық ақпартты  білуі  тиіс.  «Эссе  туралы  жалпы мағлұмат» тақырыбында  дәріс  оқыған филология  ғылымдарының  кандидаты, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Еділбай  Оспан онлайн-дәрісінде  толығырақ айтып кетті. 

      Талқылау  форматында  өткен  жиын студенттердің  жазба  жұмыстарында  мазалап  жүрген сауалдарына  жауап  алуға  мүмкіндік  берді.

      Сонымен  қатар,  «Болашақ» бағдарламасының түлегі Ұлыбритания, (Уорвик университеті), Лингвистикалық орталығының жетекшісі Айдана Шапамбаева студенттер мен магистранттарға арналған «APA стилінде ғылыми жұмыстарды жобалау: дәйексөз және сілтемелер» тақырыбында ғылыми workshop өткізді. Қатысушылар қатарында профессор-оқытушылық құрам  мен докторанттар да  болды. Workshop-та:

      • APA стилі дегеніміз не?
      • Бұл стиль не үшін қолданылады?
      • Ғылыми мақалалардағы APA стилінде мәтін ішіндегі сілтемелер мен библиографияны қалай пішімдеуге болады?
      • Онлайн APA түрлендіргіштерін қалай пайдалануға болады?

      деген сұрақтарға  толықтай  жауап  алынды.  Офлайн форматтағы  презентация  студенттердің  бітіру  жұмыстары жақындаған сәтте  нағыз керекті  ақпаратты  берген танымды  дәріс  болды.

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: