«Үздік староста – 2022»



    • «Үздік  староста – 2022»

      АЛМАТЫ. 18 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық  университетінің  Жаратылыстану  институты «Үздік  староста – 2022» байқауын өткізді.

      Аталмыш шараның  мақсаты  – cтудент жастардың  институт өмірінің  түрлі  салаларын дамытуға атсалысуын,  жоғары  академиялық үлгерімін,   шығармашылық,  әлеуметтік  белсенділігін ынталандыру  және  студенттердің  басым міндеттерін шешуде  өзіндік  әлеуетін пайдалану, мұғалім  мамандығының беделін арттыру.

      Сайысқа әр кафедраның 1,2,3 курс студенттерінің  арасынан 18 қатысушы  қатысқан. Сайыскерлер өзін-өзі  таныстыру, топпен  бірігіп өнер көрсету, «Мамандығым  мақтанышым» тақырыбында  бейне-ролик дайындап,    сұрақ-жауап  кезеңінде ұтымды жауап  беру  арқылы 4 кезең  бойынша  додаға  түсті.

      Байқау нәтижесі бойынша Жаратылыстану институты «Үздік староста – 2022» байқауының жеңімпазы болып «Ғылыми биология» мамандығының 3-курс студенті Жаппар Ақсауле Базарбайқызы атанды.

      • Жүлделі І-орын иегері – «Педагогикалық биология» мамандығыны 3 курс студенті Жандарбекова Аида Дәрібайқызы.
      • Жүлделі ІІ-орын иегері – «Педагогикалық  биология» мамандығының 2 курс студенті Тыныштықбай Инабат Батырханқызы.
      • Жүлделі ІІІ-орын иегері – химия мұғалімдерін даярлау мамандығының 1 курс студенті Шнали Зарина Елханқызы.

      «Өнерлі староста» номинациясы бойынша – Темирханова Ақбота Нұрланқызы,

      «Ұшқыр ойлы староста» номинациясы бойынша – Түсіпхан Аружан Дәренқызы,

      «Зерделі староста» номинациясы бойынша – Савронова Парвина Шухратқызы,

      «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша – Пердебай Қаршыға Айратқызы,

       «Креативті Староста»  номинациясы бойынша – Амангелдиева Аружан Амангелдіқызы,

      «Дарынды староста» номинациясы бойынша – Перде Жібек Ержанқызы, «Сымбатты староста» номинациясы бойынша –  Таңат Аружан Қайратқызы марапатталды.

        Барша  жүлделі  орын иегерлері мен  қатысушыларды  шын жүректен құттықтаймыз!

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: