Шетелдік студенттерге арналған стипендиялық бағдарлама іске қосылды



    • Шетелдік  студенттерге  арналған стипендиялық бағдарлама  іске қосылды

      АЛМАТЫ. 18 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы шетел студенттері, оның ішінде республика азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты бар тұлғалар үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға арналған стипендиялық бағдарламаның іске қосылғаны туралы хабарлайды.

      2022 жылы бакалавриат бойынша - 490, магистратурада – 50 докторантурада – ​​10 гранттық орын бөлінді. Өтініштер 2022 жылдың 30 наурызынан 30 маусымына дейін қабылданады.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша стипендиялық бағдарламаға қатысатын жоғары оқу орындарының тізімін анықтады. Бағдарлама бойынша толық ақпаратты https://enic-kazakhstan.kz веб-сайтынан және хабарландыру айдарынан ала аласыздар.  

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: