QyzPU-да «DOSTYQ CUP VII» дебат турнирі өтті



    • QyzPU-да «DOSTYQ CUP VII» дебат турнирі өтті

      АЛМАТЫ. 20 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жыл сайынғы республикалық дебат «DOSTYQ CUP VII» турнирін ұйымдастырды. Турнир «Білімді бала – жарқын болашақ кепілі» атауымен өтті.

      Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні QyzPU жыл сайынғы 2 дебат сайысының алғашқысы «DOSTYQ CUP VII» турнирін өткізді. Айта кету керек, жыл сайын Қыздар университеті пікірталас сайыскерлеріне арнап «DOSTYQ CUP» және «QyzPU CUP» турнирлерін өткізеді.

      Балалар жылына арналып өткен сайыста талқыланған тақырыптар да осы аяда болды. Саясат тақырыптарымен қатар, «Гарри Поттер» фильмін негізгі бағыт ретінде алған пікірсайысшылар APF және LD форматтарында жарысты.

      Пандемия әсерінен 3 жыл қатарынан өткізілмей, көптен күткен «DOSTYQ CUP» турнирінің университет атауымен өтетін сайыстан айырмашылығы – әр фракцияда міндетті түрде QyzPU мүшесінің, микс түрінде болуында.

      2022 жылдың турнирінде 36 фракция сайысқа түсіп, солардың қатарында республика аймақтарынан Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларынан қатысушылар келді. Ал Алматы қаласы университеттерінен Алматы техникалық университеті, Нархоз университеті, Сулеймен Демирел университеті, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті пікірсайысшылары қатысты. 

      Сайыс жеңімпаздары APF форматында жүлделі 1,2,3 орын мен «Үздік талпыныс» номинациясына ие болса, LD форматында «Ең үздік спикер», «Үздік спикер» анықталды. Қатысушылар одан бөлек «Ең үздік Поттерман», «Ең үздік төреші», «Ең үздік фракция» номинацияларын алып, ақшалай сыйлықтар, демеушілер сыйлығы ретінде кітаптар берілді. 

      Турнир жеңімпаздарымен таныс болыңыздар:

      І орын

      • Мухамет Айдана (QyzPU, Парасатты Нағыз лидерлер одағы)
      • Саурамбай Бектас (Тараз қаласы, ЕРКІН ПІКІР Дебат Клубы)

      ⠀ІІ орын

      • Сланбек Әбдімажит ( АТУ, Жастар)
      • Кеңес Назерке (QyzPU, Парасатты Нағыз лидерлер одағы)

      ⠀ІІІ орын

      • Назерке Кеңшілік (ҚызПу, Парасатты Нағыз лидерлер одағы)
      • Темірлан Есенов ( Нархоз, Таңдаулы Экономистер Одағы)

      ⠀«Үздік талпыныс»

      • Диана Яшева (СДУ, СДУ Дебат Клубы)

      • Ордабаева Майша (Қызпу, Парасатты Нағыз лидерлер одағы)

      «Ең үздік спикер»

      • Диана Яшева (СДУ)

      «Үздік спикер»

      • Ағабек Атабек (ИКТУ, Түркістан қаласы)

      «Ең үздік Поттерман»

      • Руслан Алтаев (ҚазНПУ, Атамекен Интеллектуалды Пікірсайыс Клубы)

      «Ең үздік төреші»

      • Ақерке Оразова (Сәтбаев университеті, Технократ Дебат Клубы)

      ⠀⠀

      «Ең үздік фракция»

      •Айғаным Ганиқызы (Атамекен, КазНПУ)

      •Әмина Рысбекқызы (QyzPU, Парасатты Нағыз лидерлер одағы)

       

      Пікірсайысшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

       

      P.S. APF – Америкалық парламент пікірталас форматы

      LD – Линкольн-Дуглас пікірталас форматы

      Фракция – 2 пікірсайысшыдан тұратын команда.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: