QyzPU студенттері робототехникадан "IITU Robocon 2022" конкурсының жеңімпаздары атанды



    • QyzPU студенттері робототехникадан

      АЛМАТЫ. 21 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері №1 Республикалық «IITU Robocon – 2022» атты робототехника конкурсына қатысып,  QyzPU командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. 

      Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі республикалық конкурсына жалпы саны 30 команда қатысты. Алғаш рет қатысып отырған QyzPU студенттері командасы «Smart Girls» атауымен өнер көрсетті.

      Чемпионат жастардың ғылыми-техникалық бағыттағы қызығушылықтарын арттыру мен оны практика жүзінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру мақсатында робототехникадан VEX платформасы базасының негізінде мектептер мен университеттер  арасында ұйымдастырылған болатын.

      Додаға қатысқан 22 Қазақстан университеттері ішінде Назарбаева университеті, IT Astana университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU), Қазақстан-Британ техникалық университеті, Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық зерттеу университеті, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті, Жетісу университеті, Ақтөбе мемлекеттік университеті және тағы да басқалары болды. Сонымен қатар мектептерден құралған командалар 2 кезеңде сайысқа түсіп, финалға шығу мүмкіндігі үшін жарысты.

      1-ші кезеңде командалар тақырыпқа сай тест тапсырмалары мен практикалық тапсырмалардан өтті. 2-ші кезеңге өткен 8 команда роботтар көмегімен тапсырмалар орындады.  

      Жетекшілері факультет профессоры, Кеңесбаев Серік Мұқтарұлы мен Digital lady технопаркінің инженер-програмисті Хамза Даулетбекпен университет командасын дайындықтарын толығымен көрсете алды.

      Жеңімпаз команда құрамасымен таныс болыңыздар:

      • «Информатика» мамандығының 3 курс студенті Сәтбай Жазира
      • «Информатика» мамандығының 3 курс студенті Сыдықжан Інжу
      • «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2 курс студенті Мұқтар Мейірім

      Команданы жеңісімен құттықтаймыз!

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: