QyzPU теннисшілері – Ұлттық Лиганың үздігі



    • QyzPU теннисшілері  – Ұлттық Лиганың үздігі

      АЛМАТЫ. 28 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – QyzPU үстел теннисі құрама командасы Ұлттық студенттік лиганың финалында республика бойынша додаға түскен 14 университет командасы арасынан І орынға ие болды.

      Бұған дейін ағымдағы жылдың наурыз айынан басталған Лига ойындарында 19 команда ішінен тартысты ойын көрсетіп, командамыз финалға шыққаны туралы ақпарат берген болатынбыз. Бірнеше айдан бері ақтық сынға дайындалған құраманың нәтижелері Нұр-сұлтан қаласында анықталды.

      Қазақстан Білім және ғылым министрі осы жылғы Ұлттық студенттік Лига ұйымдастыруының мемлекет спортын, жастарды қолдауда үлкен қадам болғанын атап өткен еді. Ұйымдастырушы орталығы сайыста белсенділік көрсеткен командалар мен оларды қолдаған Университет ректорларына өз алғысын білдірді.

      Финалда QyzPU үстел теннисшілері алғашында Астана қаласы мен Батыс Қазақстан құрамаларымен  сайысқа түсті. Біздің құрама 1 орын үшін таласта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті құрамасына қарсы ойнады.  Жарыс қорытындысы бойынша қыздарымыз жеңіске жетті.

      Айта кету керек, финалдық сайыс студенттерімізге оңай тиген жоқ.

      – Ақтық сайыс барысында тек қыздардан тұратын команда қатысуына қарсылық білдіргендер табылып, ұйымдастырушылар тарапынан да наразылықтар туындады. Алайда, барлығы сәтті шешіліп, команданың психологиялық дайындығына ешқандай әсер етпей, өз күштерін көрсете алды, –

      деді құрама тренері, университет «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытуышысы, КСРО спорт шебері, КСРО чемпионаты қола жүлде иегері, Қазақстанның 11 дүркін чемпионы, ардагерлер арасында Пекинде өткен Әлем чемпионатының қатысушысы Алла Кухаренка.

      Командамызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Үздіктер қатарынын көріне берулеріңізге тілектеспіз!  

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: