QyzPU – университетаралық пәндік олимпиада жүлдегері



    • QyzPU – университетаралық пәндік олимпиада жүлдегері

      АЛМАТЫ. 16 МАМЫР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – QyzPU  «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» 6В01401 білім беру бағдарламасы бойынша «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша Қазақ спорт және туризм академиясында дәстүрлі түрде өтетін XIV Республикалық пәндік олимпиада жеңімпазы атанды.

      Өткен олимпиада жеңімпазы болып табылатын жоғарғы оқу орны өткізген сайыс үш кезеңнен құралды: Ғылыми жоба, «Зияткер» туры, «Қозғалыс құзіреттілігі» туры.

      Олимпиаданың басты міндеттері студенттердің оқу танымдық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, студенттердің кәсіби тұлғалық әлеуетін, олардың өзін-өзі тануын, дене шынықтыру және спорт саласындағы шығармашылық қабілеттері мен практикалық дағдыларын ашу, ең талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау болып табылады.

      Пәндік олимпиадаға Қазақстан Республикасының 10 жоғары оқу орындары қатысқан болатын, оларға: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Махамбет Өтемісұлы атындығы Батыс Қазақстан университеті, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Павлодар педагогикалық университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы, Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Халықаралық Тараз инновациялық университеті кірді.  

      Олимпиада қазақ топтары және орыс топтары арасында өткізілді. Әр команда құрамында қазақ тобынан 3 студент, орыс тобынан 3 студент қатысты. Студенттер педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ниязақынов Ердос Бағдатұлы және педагогика ғылымдары докторы, профессор Доскараев Бауыржан Мелдебекұлының жетекшілігімен даярлық жұмыстарын жүргізген еді. Жалпы командалық есепте І дәрежелі дипломмен «Павлодар педагогикалық университеті», ІІ дәрежелі дипломмен «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті» марапатталса, «Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті» жүлделі ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: