Бақытжамал Тельманқызы - құрметті еңбек демалысында



    • Бақытжамал Тельманқызы - құрметті еңбек  демалысында

      Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай бастаған бір топ Басқарма  мүшелері оқу ордасының  ғылыми кітапханасын ұзақ жылдар бойы  басқарған директор Бақытжамал Тельманқызы  Бағашарованы  құрметті  еңбек  демалысына  шығарып салды.

      Кітапхана директоры Бақытжамал Бағашарова өзі білім алған қара шаңырақ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Кітапханатану-библиография» мамандығы бойынша білім алып, еңбек жолын осы қара шаңырақта кітапханашы, библиограф, аға оқытушы, кітапхана директорына дейінгі атқарған қызмет жолымен, кәсіби маман ретіндегі біліктілігімен, ұйымдастырушылық қабылетімен жастарға үлгі бола білген жан. Бақытжамал Тельманқызы  тек  біздің  университетте  ғана емес,  өзге  де  оқу  орындарының  кітапханаларында  басшылық қызметте  болған.   Сонымен  қатар кітапханатану  кафедрасын да   басқарып, шәкірт тәрбиелеген ұлағатты  ұстаз.

                                                                                          

      Басқарма  Төрағасы  Гүлмира Әмірханқызы  Бақытжамал Тельманқызына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасын және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті тарапынан құттықтау  хат пен алғыс хатты табыстады. Ректор өз сөзінде: «Құрметті  Бақытжамал Тельманқызы! Сіз адамзаттың   қолымен жасалған ұлы байлықтың  бірі – кітап болса,  сол кітапты  тану,  білу саласын  зерттейтін  кітапханатану  ғылымының майталманысыз. Өзіңіз білім  алған  қара шаңырақ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен «кітапханашы  және  библиограф»  мамандығын алып шыққаннан бастап    еңбек  жолыңызды   тек  осы кітапханатану ғылымына арнап  келесіз.  Бұл сіздің мамандығыңызға деген  адалдығыңыз бен  сүйіспеншілігіңіздің  белгісі деп білеміз.  Қарапайым  кітапханашыдан бастап,  аға  кітапханашы,  библиограф, аға  оқытушы, кітапхана директорына  дейінгі  атқарған қызмет  жолыңызбен,  кәсіби маман ретіндегі  біліктілігіңізбен  жастарға  үлгі  болып келесіз. Университетіміздің  Ғылыми кітапханасында  ұзақ жылдар бойы  еңбек етіп, бар күш-қуатыңызды  кітапхананың  жұмыс  істеу  бағытын бір арнаға  бұрып,  сапасын арттыруға жұмсадыңыз. Мол тәжірибе мен кәсіби шеберліктің  кені  болып, қызметін жауапкершілікпен  атқара  білген білікті басшы  ретінде  Сізді құрмет тұтамыз. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және  Өзімнің  атымнан Сізді  осындай  атақ-абыроймен бүгінгі  таңда  құрметті еңбек  демалысына  шығуыңызбен  шын жүректен құттықтаймыз! Әлі  де  талай  белесті  бағындырып,  келешек  ұрпаққа  ақыл-кеңесіңізді  айтып жүре  беріңіз. Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін!» - деп, университет атынан алғыс білдіріп, құттықтау  хатын табыс етті.

      Бақытжамал Тельманқызы қызмет жасаған жылдарында бар күш-қуатын кітапхананың жұмыс істеу бағытын бір арнаға бұрып, сапасын арттыруға жұмсады. Мол тәжірибе мен кәсіби шеберліктің кені болып, қызметін жауапкершілікпен, ұйымдастырушылық қабілетімен атқара білген білікті басшы ретінде оны  ұжымы мақтан тұтады. Кітапхана саласында жасаған қызметіне  үлкен алғыс білдіріп, бүгінгі таңда құрметті еңбек демалысына шығуымен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына береке, ырыс пен молшылық  тілейміз!                                                                                                                              

                                                                                          

      Бөлісу: