«Жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің төрағасы сайланды



    • «Жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің төрағасы сайланды

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің №2 кезектен тыс конференциясы болып өтті. Конференция жұмысына Астана қаласынан арнайы салалық кәсіподақтың құқықтық бөлімінің бас маманы Бектабанов Айдарбек Жасұланұлы мен салалық кәсіподақтың ұйымдастыру бөлімінің басшысы Иманбаев Ернар Серікқалиұлы қатысты.

       Конференция барысында жергілікті кәсіподақ жұмысы туралы Ералиева Толқын Есалықызының,  бақылау (ревизиялық) комиссиясының жұмысы туралы, Жұбандықова Ақгүл Мырзалықызының есептік баяндамалары  тыңдалып,  қанағаттанарлық деп танылды.

      Ералиева Т.С. конференцияға барлығы 133 делегат сайланғанын айта келіп,  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің төрағасын сайлау бойынша Әділбекова Ләззат Махайқызының кандидатурасын ұсынды. Конференцияға қатысушы делегаттар  дауыс беру нәтижесінде «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің  төрағасы етіп Әділбекова Ләззат Махайқызын  бірауыздан сайлады. 

      Конференция ары қарай марапаттармен жалғасын тапты. Университет проректоры, ректор м.у.а. Абильдинов Дархан Бақытжанұлы Толқын Есалықызына жергілікті кәсіподақтағы жасаған еңбегін бағалай келіп, Басқарма Төрағасы – Ректор Қанай Гүлмира Әмірханқызының алғыс хатын табыстады.

       Арнайы салалық кәсіподақтың құқықтық бөлімінің бас маманы Бектабанов Айдарбек Жасланұлы мен салалық кәсіподақтың ұйымдастыру бөлімінің басшысы Иманбаев Ернар Серікқалиұлы университеттің бір топ қызметкерлеріне  «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін»  медальдерін, алғыс хаттарын табыс етті. Университет профессор-оқытушылары мен қызметкерлері жергілікті кәсіподақ жұмысына жылы лебіздерін білдірді.

      Бөлісу: