Университет басшылығының THE жоғарғы басшылығымен кездесті



    • Университет басшылығының THE жоғарғы басшылығымен кездесті

      Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай бастаған ҚызПУ  басшылығы Ұлыбританияға іссапар аясында Times Higher Education (THE) кеңсесінде болды.

      THE -  жоғары  оқу  орындары мен жоғары  білім  жаңалықтарын жариялауға  бағытталған әлемдегі алдыңғы  қатарлы және  беделді  рейтинг агенттіктерінің  бірі.  

      Рейтингтің негізін қалаушы және агенттіктің топ-менеджменті рейтингтік әдісіндегіжоспарланған өзгерістер туралы айтып, қазақстандық жоғары оқу орындарының THE рейтингіне белсенді қатысу перспективаларын талқылады.

      Биылғы жылы бұл рейтингке ҚазҰлт Қыз ПУ қатысуда.  Қажетті  барлық нысандарды толтырып, қарауға жіберді.

      Университетіміз жоғарғы оқу орындарының  бәсекеге қабілеттілігін сапалы түрде көрсететін және сол арқылы оларды одан әрі дамытуға ынталандыратын осындай жетекші әлемдік рейтингтерге қатысудың маңыздылығын жоғары бағалайды.

      Бөлісу: