«T2T Networking» жобасы жалғасады



    • «T2T Networking» жобасы жалғасады

      Еліміздің педагогикалық жоғары оқу орнындағы жас ғалымдардың ортақ диалог алаңын құрып, ауылдық жерде орналасқан мектептердің ғылыми-педагогикалық әлеуетін көтеруді мақсат тұтқан «T2T Networking» жобасы жалғасады.

      Қазақстан жас педагог ғалымдары Қауымдастығының ұйытқы болуымен қолға алынған шара барысында ғылыми семинарлар сериясы ұйымдастырылмақ. Қыздар университетінің білім алушыларына бағытталған жоба шеңберінде білім және ғылым салаларында жетістікке жеткен жас ғалымдар шеберлік сыныптарын да жүргізбек.

      – Жастар жылы мен Қыздар университетінің 75 жылдығы аясында қолға алынған жобаның көздеген мақсаты мол. Бұл бастама – оқу орны түлектерінің бәсекеге қабілеттігін арттырып, олардың жұмыспен қамтамасыз етуіне ықпал жасайды. Сонымен қатар педагогтардың кәсіби әлеуетін жетілдіреді және білім беруде жаңа технологияларды қолдануды дамытады. Біздің оқу орны студенттерінің басым бөлігі ауылдық мектептердің түлегі екендігін ескеретін болсақ, аталған білім ұялары жаңа білім беру бағдарламаларын толыққанды меңгеріп, жете танысқаны өте маңызды, – дейді жоба авторлары.

      Айта кетейік, «T2T Networking» жобасы шеңберінде аталған қауымдастық мүшелері Алматы облысындағы мектеп мұғалімдері мен оқушыларына жаңартылған білім беру бағдарламасына арналған кешенді семинар-тренингтер ұйымдастырған болатын.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: