Республикалық «IQ-аламан» интеллектуалды сайысы



    • Республикалық «IQ-аламан» интеллектуалды сайысы

      21 сәуір күні Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының ұйымдастыруымен «В011- Информатика мұғалімдерін даярлау» және «В057 Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша ЖОО студенттері арасында Республикалық «IQ-АЛАМАН 2023» интеллектуалды сайысы болып өтті.

                                                                                 

      Сайыстың мақсаты талантты және дарынды білім алушыларды анықтап, қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттерін ашу; білім алушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету; білім алушылар мен жас ғалымдарды қазіргі заманғы ғылыми мәселелерді шешуге тарту; ғылыми іс-әрекетке қызығушылығын дамыту болатын. Осыған орай Қыздар университеті 1-орын иеленген командаға 150 000тг., 2-орын иеленген командаға 100 000тг. және 3-орын иеленген екі командаға 50 000 теңгеден ақшалай сыйлықтар тағайындады. Сайысқа Алматы, Тараз, Қызылорда және Атырау қаласының жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған   командалар келді. Атап айтар болсақ:

                                                                                  

      •  Алматы қаласы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен «Интеллект» командасы, жетекшісі Чингежинова Жумакыз Сейткадыровна;
      • Алматы қаласы, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінен «АУЭС 200» командасы, жетекшісі Кальпебаев Азамат Рахимович;
      • Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтынан  «Darkcatf» командасы, жетекшісі Кемел Аян Мейіржанұлы;
      • Алматы қаласы, Алматы технологиялық университетінен «Robolab ATU» командасы, жетекшісі Жұмахан Нұржан Бейбітұлы;
      • Атырау қаласы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен «Project coder AU» командасы, жетекшісі Кубашева Ажар Насипкалиевна;
      • Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінен «Abai Team» командасы, жетекшісі  Амангелдин Айбек;
      • Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен келген «Roboimaq» командасы,   жетекшісі Асанова Жанна Сексенбаевна;
      • Конкурстан тыс Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінен «Smart ladies» командасы, жетекшісі Ахметова Жанель Бахтиярқызы.

                                                                                  

      Сайыста командалардың білім көрсеткіштерін бағалап, жеңімпаз команданы анықтайтын әділ қазы алқасының құрамында:

      • Әділ қазылар алқасының төрайымы, Techno Women Central Asia инвестициялық комитетінің төрағасы, тікелей және венчурлық қорлар қауымдастығының директорлар кеңесінің мүшесі - Кенжебек Асем;
      • ЖШС «QSTEM» білім беру орталығының директоры Досболов Нурболат Муратович;
      • Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Джумакулов Закир Даниярұлы;
      • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Цифрлық офицері Қартбаев Тимур Саатдинович.

                                                                                 

      Сайыс «IQ Battle», «IQ Hacker», «IQ Challenge», «IQ Solution» деп аталатын төрт кезеңнен тұрды. Сайыс барысында барлық командалар бақтарын сынап, бар білімдерін паш етті. Командалар Sustainable Development Goal - әлемдік тұрақты даму мақсатында атап көрсетілген міндеттер бойынша шешімдерді (роботтар, мобильді қосымшалар, web-сайт және т.б.) ұсынып, қорғады. Сайыс қорытындысы бойынша, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінен «АУЭС 200» командасы 1-орын, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен келген «Roboimaq» командасы 2-орын, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен «Интеллект» командасы 3-орын, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінен «Abai Team» командасы  3-орын  иеленді. Жүлделі орындармен қатар, командалардың ерекше қабілеттеріне қарай арнайы номинациялармен марапатталды.

                                                                                 

      Атап айтсақ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Project coder AU» командасы «Кодты жазсаң менше жаз» номинациясымен, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Smart ladies» командасы «Еңбек етсең ерінбей» номинациясымен, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының  «Darkcatf» командасы «Инновация толқынында» номинациясымен, Алматы технологиялық университетінің «Robolab ATU» командасы «Болашақ робототехника майталмандары» номинациясымен марапатталды. Бұдан бөлек, Әділ қазылар алқасының төрайымы, Techno Women Central Asia инвестициялық комитетінің төрағасы, тікелей және венчурлық қорлар қауымдастығының директорлар кеңесінің мүшесі  Кенжебек Асем Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Smart ladies» командасына арнайы «ZEBA ACADEMY» Халықаралық IT мектебі ұсынатын курсқа тегін жазылым беріп, Techno Women Central Asia инвестициялық комитетінің арнайы үлгідегі киімдерін барлық команда мүшелеріне тарту етті. «QSTEM» білім беру орталығының директоры Досболов Нурболат Муратович Tech Orda жобасының әрқайсысы құны 600 мың теңге болатын таңдаулы үш курсын Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінен «АУЭС 200» командасына 3 грант табыс етті. Сайыс тартысты да қызықты өтті. Сайыстың әділ өтуін қадағалаған әділ қазылар алқасы студенттердің өте жақсы дайындықпен келгендерін атап өтті.

                                                                                 

                                                                                 

                                                                                 

      Бөлісу: