Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау "Бағыты бойынша XIV республикалық студенттік пәндік олимпиада қортындыланды



    • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау

      Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында мұғалімдер даярлау ісін арттыру үшін пәрменді шаралар қабылдап, білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға басымдық беруді тапсырды. Осы орайда ЖОО-ның алдына қойып отырған мақсаты заманауи сапалы педагогтерді даярлау мәселесі болып табылады. ЖОО-ның тарапынан Республика көлемінде ұйымдастырылатын пәндік олимпиаданың болашақ кадр сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңыздылығы жоғары.

                                                                                 

      Осы орайда, 2023 жылдың 21-22 сәуір аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жоғары оқу орны студенттері арасында «6B013-Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау»  бағыты бойынша өткізілетін «Педагогикалық идеялар – бастауыш білім беру сапасының негізі» атты XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын «Педагог» кәсіби стандартына сәйкес ұйымдастырып отыр. Пәндік олимпиаданың мақсаты – болашақ бастауыш білім беру мамандарының ерекше кәсіби қабілеттерін дамытуды анықтау және талантты студент жастарды қолдау, бастауыш білім беру бағдарламалары тобындағы үздік студенттерді анықтау болып табылады.

                                                                                 

      Олимапиада әділқазы құрамына Республика бойынша танымал профессор-оқытушылар, Алматы қалалық білім беру орталығының маманы, бастауыш сынып мұғалімі тартылды:

      • Олимпиада төрағасы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д., Тургунбаева Ботагуль Алтаевна;
      • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Академиялық бағдарламалар әзірлеу және сапаны қамтамасыз етуде партаментінің директоры – Мейркулова Аида Бакытбекқызы;
      • Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы оқу бөлімінің жетекшісі – Атейбек Сандугаш Турсынбаевна;
      • Алматы қаласы М.Мақатаеватындағы №140 гимназия бастауыш сынып мұғалімі – Сарварова Халида Рахманбердиевна.

                                                                                 

        Олимпиада 4 турдан тұрады:

      • 1-тур. «Кәсіби құндылықтар» сайысы;
      • 2-тур. «Білім беру кеңістігіндегі педагогикалық идеялар»  зерттеушілік жоба қорғау;
      • 3-тур.  «Кәсіби білім сапасы» сайысы;
      • 4-тур. «Педагогикалық дизайн» практикалық сайысы.

      Олимпиадаға Республикамыздың 25 ЖОО-нан келген студенттер қатысты.  Олимпиаданың бірінші күні командалар таныстыру, ғылыми жоба сайысы өтті. «Кәсіби білім сапасы сайысы» бойынша тест тапсырмалары «Carmel» компаниясының автоматтандырылған Прокторинг жүйесі арқылы алынды. Командалық есепте барлық қатысушылар арасында баллы ең жоғары болып табылған ЖОО-ның  жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

                                                                                 

      РСПО қорытындысы бойынша ЖОО-ның жеңімпаздары марапатталады:

      • 1 дәрежелі диплом – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, «TulgaLike» команадасы;
      • 2 дәрежелі диплом – Атырауский университет имени Х.Досмухамедова» «Progress» командасы;
      • 2 дәрежелі диплом – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Гармония» командасы;
      • 3 дәрежелі диплом – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Ару-Дария» командасы;
      • 3 дәрежелі диплом – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «Шырақ» командасы;
      • 3 дәрежелі диплом – Ш.Есенов атындағы    Каспий технологиялар және инжиниринг университеті «Болашақ» командасы.

      Олимпиаданың екінші күні қатысушыларға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Қанай Гүлмира Әмірханқызының тікелей басшылығымен Алматы қаласының көрікті жерлеріне экскурсиялық және мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды.

                                                                                 

                                                                               

                                                                                 

      Бөлісу: