«Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының студенттері ХV Республикалық пәндік олимпиададан жүлделі оралды



    • «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының  студенттері ХV Республикалық пәндік олимпиададан жүлделі  оралды

       Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  «Smart Girls» командасы «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде» 2023 жылдың  19-20 сәуір аралығында  6В03205 – «Кітапханалық ақпараттық жүйелер»  («Кітапхана ісі») білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің ХV Республикалық пәндік олимпиадасына  қатысып,  жүлделі   II орынды  иеленді.

      Олимпиаданың  мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу, студенттерді қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту және ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту болып табылады.

      6В03205 – «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» («Кітапхана ісі») білім беру бағдарламасы бойынша студенттік пәндік Олимпиада – командалық сайыс түрінде III тур бойынша өткізілді.

      • І тур. Команданың сәлемдесуі үй тапсырмасы ретінде орындалды. Тапсырмада кітапхана саласындағы тәжірибелік жұмысқа, шығармашылық бөлімдерге бағытталуды, мәнін, ерекшеліктерін қамтитын мамандық таныстырылды. 
      • ІІ тур. Командалардың ситуациялық және «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» («Кітапхана ісі») мамандығының бейіндік пәндері бойынша сұрақ-жауап сайысы. (Әр командаға 1 (бір) ситуациялық және 2 (екі) сұрақтар берілді).
      • ІІІ тур. Кітапхана қызметіне байланысты ғылыми жоба жасау және қорғау.

      «Бәрі біздің қолымызда» кітапхана ісін дамыту; Сандық білім кеңістігіндегі: кітапхана мамандарының құзіреттіліктері.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Smart Girls» командасының  мүшелері: Омарова Риза Еркінқызы, Султанова Дилфуза Бахтияровна, Дәулет Ділназ Кенесбекқызы,

      Пернебек Дана Рамазанқызы және  жетекшісі: магистр оқытушы Бектемір Ақнұр Әбибуллақызын жүлделі  орындарымен  шын жүректен құттықтаймыз!

                                                                                                                                              МЕДИА

                                                                                 

                                                                               

                                                                                  

                                                                                 

      Бөлісу: