Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында республикалық хакатон өтті



    • Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында республикалық хакатон өтті

      2023 жылдың 20-21 сәуір күндері КеАҚ «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» «Atyrau SmartTeam Hackathon» Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында республикалық хакатон өткізді.

      Хакатон «Atyrau SmartTeam Hackathon» - Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ақпараттық технологиялар саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған коммуникациялық кәсіби жоба. Atyrau SmartTeam Hackathon мақсаты - таңдалған салада жаңа идеялардың пайда болуын ынталандыруға және оларды ең перспективалы жобаны әзірлеген кездесу алаңында тікелей жүзеге асыруға бағытталған ақпараттық технологиялар саласындағы міндеттерді шешу.

      Хакатонның ұйымдастыру комитеті қатысушы командалардың алдына ақпараттық технологиялар саласында бірнеше міндеттер қояды. Hackathon қатысушылары кез келген бағдарламалау тілін қолдана отырып, тапсырмалар үшін жоба шешімдерін әзірлейді. Қатысушы командалар қазылар алқасына өздерінің жобалық шешімдерін ұсынады. Жобалық шешімдерді таныстырп, талқылап, сұрақтарға жауап береді.
      Университетіміздің намысын қорғауға барған «Dream team» командасы III – орын иеленді.

      Команданың мүшелері Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының студенттері

      • Мұхтар Мейірім
      •  Қалдыбай Балауса
      •  Жақсылық Асел

      Жетекшісі: Phd студент, оқытушы Айнұр Маратқызы.

                                                                                                                                                          МЕДИА

                                                                                 

                                                                               

      Бөлісу: