Университет ғалымдары Ғылым және жоғары білім министрінің марапатына ие болды
-
21 сәуір, 2023
Университетіміздің ғылымын дамытуға үлес қосқан бір топ ғалымдарымыз ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің «Алғыс хаты» мен «Құрмет грамотасына» ие болды.
Министрдің марапатын Университет Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Әмірханқызы өз қолымен табыстады.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін:
- ғылым кандидаты, доцент Оразаева Гүлжан Сериковна,
- білім беру бағдарламасының көшбасшысы, ғылым кандидаты Мырзахметова Нұрбала Оразымбековна,
- аға оқытушы, ғылым кандидаты Нұрбекова Маржан Абдыжаппаровна,
- филология ғылымдарының докторы, профессор Сүлейменова Жарқынбике Нуаевна,
- Ғылым департаментінің директоры, PhD Абдраимова Мөлдір Рашидовна «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін:
- бағдарлама көшбасшысы м.а, аға оқытушы, PhD Кусанова Анипа Ерлановна
- қауымдастырылған профессор м.а., ғылым кандидаты Медеуова Ғалия Джумахановна,
- аға оқытушы, ғылым магистрі Калиева Нургул Шамшархановна,
- техника ғылымдарының кандидаты Заурбекова Нурбике Джумабаевна,
- қауымдастырылған профессор м.а., PhD Қаптағай Гүлбану марапатталды.
Университет атынан барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, биіктен көріне берулеріңізге тілектеспіз!
МЕДИА
Бөлісу: