QYZPU-дың 15 ғалымы Сассекс университетінде өтетін ғылыми семинар-тренингке қатыспақ



    • QYZPU-дың 15 ғалымы Сассекс университетінде өтетін ғылыми семинар-тренингке қатыспақ

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Сассекс университеті арасында жасалған меморандум шеңберінде QYZPU докторанттары мен профессорлары 2023 жылғы 17-25 шілде аралығында Сассекс университетінің базасында өтетін «Халықаралық білім беру саласындағы зерттеушілік дағдыларды дамыту» бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді.

      Ғылыми семинар іс-әрекеттерді зерттеу мен сабақ беруді қоса алғанда, білім беруді зерттеудің әртүрлі салаларының артықшылықтары мен мәселелерін зерттеуге, сондай-ақ академиялық жазбаларды құрылымдау мен дамытуға және зерттеулерді қаржыландыруға өтінімдер дайындауға бағытталған.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті әлемнің жетекші оқу орындарымен өзінің халықаралық байланыстарын нығайтуға және университет оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіби өсуін әрдайым қолдап, тиімді мүмкіндіктерді беруге ұмтылады.

      Бөлісу: