Алабама университетінің профессоры QYZPU-да сабақ береді



    • Алабама университетінің профессоры QYZPU-да сабақ береді

      Доктор Ванг Харрис Сандра Эшин Жаратылыстану институтының білім алушыларына «Өсімдіктер биотехнологиясы», «Медициналық биология», «Өсімдіктер физиологиясы» пәндері бойынша бір жыл бойы ағылшын тілінде сабақ беретін болады. Айта кетейік, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті шетелдік ғалымдарды білім сапасын арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында жыл сайын шақыртады.

      Алабама штатынан келген профессор Сандра Эшин қоғамдық денсаулық сақтау магистрі және отбасылық медицина оптометриясы бойынша докторлық дәрежесін алған. Америка оптометрия академиясының қоғамдық денсаулық сақтау және экология бөлімінің жетекші маманы. Covid 19, Альцгеймер және басқа нейродегенеративті аурулар, қартаю және көру мүмкіндігі бағытында зерттеу жүргізіп, мақала жариялаған.

                                                                        

       

      Бөлісу: