Қашықтықтан білім беру бөлімі

    • Қашықтықтан білім беру бөлімі - университетте  көрсетілетін білім беру қызметтеріне әртүрлі санаттардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, кеңейтуге бағытталған қызметтерді жүзеге асыратын, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың өзара әрекеттесуі бар ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып білім беру процесін ұйымдастыратын бөлім.

      Қашықтықтан білім беру бөлімінің негізгі міндеттері:

      • оқу процесінің тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;
      • университетте онлайн оқытуды ұйымдастыруды лицензиялау үшін құжаттарды дайындау бойынша жұмыстарды жүргізу;
      • тест залында өтетін емтихандар мен онлайн режимінде өтетін емтихан сессияларының айқындылығы мен ашықтығын бақылауды жүзеге асыру;
      • барлық бағыттар бойынша оқытуды жүргізу үшін оқу кешенінің толық жүктелгенін бақылау;
      • академиялық ұтқырлық бойынша білім алушылардың пәндерді меңгеруін бақылау;
      • жаппай ашық онлайн курстарды әзірлеу бойынша профессор-оқытушылар құрамына әдістемелік ұсыныстарды беру және ұйымдастыру.

      Университет қашықтықтан оқыту технологияларын «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қолдана отырып жүзеге асырады.

      2023 жылдан бастап, Қашықтықтан білім беру бөлімі «Coursera- қазақ тілінде» пилоттық жоба аясында білім алушыларға техникалық қолдау көрсетіп,  платформаға сәтті тіркелуін, курсты аяқтап, сертификат алуын қамтамасыз етеді. Платформада оқу процесін бақылайды, студенттердің үлгерімін сараптайды.

      Сондай-ақ  бөлім «Онлайн оқыту студиясы» жаңа интеративті бейнестудиясында,  редакторсыз кәсіби деңгейде, оқытушыларға жаппай ашық онлайн курстарға арналған сапалы бейнедәріс түсіруге көмектеседі, ЖАОК заманауи платформаларға жүктелуін қадағалайды.

       

      Байланыстар