QYZPU студенті шаңғы роллерінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында үздік үштікке енді



    • QYZPU студенті шаңғы роллерінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында үздік үштікке енді

      Айша Рақышева шаңғы роллерінен республика чемпионатында классикалық жүріспен 10 шақырым қашықтықтағы жарыста 3-ші орынды иеленді. Шаңғышы қызымыз чемпионатта әлі коньки стилімен 10 шақырымға және 3 шақырымға кроссқа жүгіреді. 

      Шаңғы роллері бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты Щучинск қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығы базасында өтіп жатыр. Чемпионатқа Алматы, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары және Алматы, Астана қалаларынан 130-дан астам ең мықты шаңғышы қатысуда.

                                                                                   

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 4 курс студенті Айша Рақышева еліміздің ең жылдам спортшыларының бірі, шаңғы жарысынан спорт шебері, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының мүшесі.

      Айша Рақышеваның жетекшісі – дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Әлия Еселбаева, жаттықтырушысы – Кайникамал Дюсенова.

      Бөлісу: