QYZPU студенттері белгілі психологпен кездесті



    • QYZPU студенттері белгілі психологпен кездесті

      QYZPU студенттері белгілі психолог, гештальт-терапевт, дефектолог-логопед Гульбанум Мурадуллаевамен кездесті. Психолог студенттермен қыздардың нәзік жан дүниесі туралы әңгіме-дүкен құрды. Отбасылық өмірге дайындық туралы көптеген пайдалы кеңестер айтылып, маман жастарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.  

      Психологпен кездесуді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Менталды денсаулықты дамыту орталығы ұйымдастырған болатын. Психология адам өмірінде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Психологқа жүгінгеннен кейін адамның өмірі жағымды эмоциялар мен сезімдерге толы болады. Сондықтан орталық мамандары қыздарымыздың өздерін толғандырған сұрақтары болса, нағыз маманнан ақыл-кеңес алсын деген мақсатпен психолог Гульбанум Мурадуллаеваны шақырған еді.  

                                                                      

      «Барлық адамға қолдау қажет. Жан дүниесін ақтарып, сөйлескісі келеді. Бұл жағдайда адамды сынамау қажет, керісінше тыңдап, оған ішіндегісін айтуға мүмкіндік берген дұрыс. Психолог ретінде менің ең басты міндетім осы. Мен адамдардың ойын жинақтап, оны жеткізуге қолғабыс етемін. Психолгтпен әңгімеден соң, расында, көп адамдар қуаныш сезіміне бөленеді», – дейді Гульбанум Мурадуллаева өзінің сүйікті ісі туралы.

      Кездесу жиналғандарға көп пайдасын тигізді деген сенімдеміз.

                                                                      

       

      Бөлісу: