Грант алғанын естіген QYZPU студенттері қуаныштан көздеріне жас алды



    • Грант алғанын естіген QYZPU студенттері қуаныштан көздеріне жас алды

      Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан бос гранттардың иегері атанғанын естіген Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері қуаныштарын жасырмады. Студенттердің біразы қуанышты жаңалықты университет қабырғасында естіді. Енді біразы үйінде білді. Биыл 1 курсқа түскен Мөлдір Кеңес бірден туысқандарына қоңырау шалып, қуанышымен бөліссе, Айдана Қахарман анасына қоңырау шалып, қатты әсерден көзіне жас алды.

       Мемлекеттік білім гранг иегері атанған қыздар Ғылым және жоғары білім министрлігіне бұл зор мүмкіндік үшін алғыстарын жаудырды.

      Есетіңізге салсақ, Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне түскен 184 студенттің құжаттарын қайта қарап, олардың барлығына мемлекеттік білім грантын тағайындады. Республикалық конкурстық комиссияның шешімі негізінде жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос гранттар тағайындалды. Еліміз бойынша барлығы 4000-нан астам студент мемлекеттік білім грантының иегері атанды.

                                                                       

      Бөлісу: