QYZPU студенттері халықаралық қарттар күніне орай қарияларды құттықтады



    • QYZPU студенттері халықаралық қарттар күніне орай қарияларды құттықтады

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері жалғызбасты қарияларға тосын сый жасады. Атап айтқанда, қант, шай, күріш, май, ұн секілді аса қажетті азық-түлік сатып алып, үйлеріне апарып берді.

      Мұндайды күтпеген қарттардың көңілі босап, жастарға шын жүректен алғыстарын жеткізді. Жастар жалғызбасты қарттарды құттықтап қана қоймай, көңіл күйлерін көтеріп, әңгімелесіп, баталарын алып қайтты.

                                                                                                

      Айта кетейік, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері қашанда аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөліп, оларға азық-түлік таратып, тағы басқа да көмек түрлерін көрсетіп жүреді.

      Бөлісу: