QYZPU университеттердің әлемдік рейтингісіне кірді



    • QYZPU университеттердің әлемдік рейтингісіне кірді

      The Times Higher Education Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім сапасын растап, университеттердің 2024 жылғы World Universities Rankings деп аталатын әлемдік рейтингісіне қосты.

      Бағалау WUR 3.0 жаңа әдістемесі бойынша жүргізілген, яғни жоғары оқу орнының тиімділігін көрсететін – оқыту, зерттеу ортасы, зерттеу сапасы, өндіріс пен халықаралық перспективасы бағыттары 18 көрсеткіш бойынша мұқият тексеріліп, талданған. Соның нәтижесінде университет өзіне сенім артуға болатынын дәлелдеп, әлемдік рейтингке кіріп отыр.

                                                                                            

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің әлемдік рейтинтен көрінуі 80 жылдық мерейтойы қарсаңында үлкен жетістіктердің бірі болып отыр. Айта кету керек, бұл рейтингке биыл 108 мемлекеттен 1904 университет кірген. Ал Қазақстаннан барлық 120 жоғары оқу орнынан тек 29-ы ғана ілікті.

                                                                        

       

      Бөлісу: