QYZPU жас ғалымы көкөністің өнімділігін арттыратын препарат ойлап тапты



    • QYZPU жас ғалымы көкөністің өнімділігін арттыратын препарат ойлап тапты

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға ғылыми қызметкері Ақбота Қуандықова көкөністен мол өнім алуға мүмкіндік беретін жаңа препаратты синтездеп алды. Жас ғалымның жаңалығы ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтынан бүгін патентке ие болды.

      Препарат жаңа фосфор органикалық қосылыстары негізінде алынған. Ақбота Қуандықованың айтуынша, ол картоп, сәбіз, пияз, қызанақ секілді көкөністердің өнімділігін арттырады. Синтездеу жұмыстарын жас ғалым микротолқынды сәулелерді пайдалана отырып жүргізген. Препарат далалық және зертхнаналық жағдайда сынақтан өтті.

                                                                  =             

      Жас ғалым препаратты ойлап таппас бұрын біраз уақыт тынымсыз зерттеу жүргізген. Химия ғылымдарының докторы, профессор Булат Джиембаев  жетекшілігі мен өзінің табандылығы арқасында осындай жетістікке жетіп отыр. Ақбота Қуандықоваға бұл жаңалықты ашуға әріптесі, оқытушы Бану Диярова синтез барысында қатысып, көмектескен.

      Бөлісу: