Түркиядағы ең танымал профессорлардың бірі QYZPU-да сабақ беріп қана қоймай, қазақ тілін үйреніп жүр



    • Түркиядағы ең танымал профессорлардың бірі QYZPU-да сабақ беріп қана қоймай, қазақ тілін үйреніп жүр

      Тарих ғылымдарының докторы Мұстафа Демиржи Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде сабақ беру үшін Конья қаласынан арнайы бағдарламамен келді. Түркияның топ 10 университеттерінің қатарына кіретін Сельджук университетінің профессоры тарих кафедрасының студенттеріне «Өркениеттер тарихы», «Ислам өркениетін зерттеудегі негізгі мәселелер», «Түркістандағы  саяси жағдай және мұсылмандардың Орта Азияны жаулап алуы» секілді өзекті, әрі қызықты тақырыптар бойынша семинарлар оқып жүр. Дәрістер тек ағылшын тілінде өтеді. Десе де профессор студенттермен сөйлесу барысында қазақ тілін ұнатып, оны қызығушылықпен үйренуді бастап кетті.

                                                                                                          

      Айта кетейік, Мұстафа Демиржи араб, ағылшын және француз, парсы тілдерінде еркін сөйлейді. Түркияның танымал профессоры Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне келген күннен бастап бір ай ішінде қазақ тілінде таза сөйлеуді алдына мақсат етіп қойды.

      Сондай-ақ тарих ғылымын зерттеуде 28 жылдық тәжірибесі профессор Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жұмысы барысында  профессорлық-оқытушы құраммен бірлескен халықаралық жобаларды жасау жағын да қарастырады.

                                                                      

       

      Бөлісу: