Министр Саясат Нұрбек QYZPU профессорларын марапаттады 



    • Министр Саясат Нұрбек QYZPU профессорларын марапаттады 

      Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күні қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессорлары мен оқытушыларын ерекше қошеметке бөледі. Атап айтқанда, министр арулардың ақ ордасының сегіз ұстазына абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін алғысын білдіріп, Құрмет грамотасы мен Алғыс хатпен марапаттады. Министрдің алғысын марапат иелеріне Басқарма төрағасы – ректор Гүлмира Қанай салтанатты түрде тапсырды.

                                                                                                         

      «Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолдында атқарған абыройлы еңбегіңіз бен адал қызметіңіз үшін алғысымды білдіремін! Алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы кәсіби қызметіңізге табыс, отбасыңызға амандық тілеймін!» – делінген министрдің марапаттау хатында.

                                                          

      Осылайша еліміздің білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің филология ғылымдарының кандидаты, профессордың міндетін атқарушы Әділбекова Ләззат Махайовна мен педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессордың міндетін атқарушы, бағдарлама көшбасшысы Сәндібаева Назира Әбдіқадіровна,  Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен филология ғылымдарының докторы, профессор Ибраймова Лира Әбділдәбековна, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессордың міндетін атқарушы Қуанышева Жанар Қадыржановна, магистр, әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Айдарбекова Ақмарал Абылаевна, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессордың міндетін атқарушы Жұбанышов Берік Темірханович, қауымдастырылған профессордың міндетін атқарушы Байназарова Тұрсынай Бейсембековна, академиялық мәселелер бойынша директор орынбасары Адасқанова Жадыра Қайратовна марапатталды.

                                                         

      Елдігімізді, ауызбіршілігімізді, татулығымызды нығайтатын мемлекетіміздің ұлттық мерекесі мен марапат иелерінің құрметіне Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің өнерпаздары өнерлерін паш етіп, мерекелік концерт қойды.

      Әріптестерімізді мәртебелі марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

                                                                                 

       

      Бөлісу: