QYZPU кітапханасындағы ең көне кітапқа 251 жыл толды



    • QYZPU кітапханасындағы ең көне кітапқа 251 жыл толды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасындағы ең көне кітапқа 251 жыл толды. «Опытъ историческаго словаря о россійскихъ писателяхъ» деп аталатын жәдігер 1772 жылы жарық көрген. 264 беттен тұратын көне кітап өте сирек кездесетін туынды саналады. Оның көнелігі соншалықты, беттері үлбіреп, кітапханашылар оны екінің біріне көрсетпейді.   

                                                                                             

      Көне кітаптарға қорған болған кітапхананың құрылу тарихы да қызықты. Оның негізі университет ашылғаннан кейін 4 жылдан соң 1948 жылы қаланды. Бастапқыда тек 1500 ғана кітап болған. Ал қазір кітап қоры бір жарым мыңнан 1 084 743 кітапқа бір-ақ өсті. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасына бір уақытта 450 оқырман отырып, кітап, газет-журналдар оқи алады. Кітапхана қызметкерлерінің алды 37 жылдан бері оқырманына адал қызмет етіп келеді.

                                             

       

                                                                          

       

      Бөлісу: