Кэмбридж университетінің профессоры QYZPU-да жаңадан ашылған диссертациялық кеңестің құрамына кірді



    • Кэмбридж университетінің профессоры QYZPU-да жаңадан ашылған диссертациялық кеңестің құрамына кірді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Шетел тілдері: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңес ашылды. Кеңес «мен» деген ең мықты профессорлардан жасақталды. Солардың бірі –Кэмбридж университетінің профессоры Элейн Уилсон. Ғалымның Хирша индексі 12. Бұл сан оның зерттеулерінің жоғары маңыздылығын және лингвистика саласына қосқан үлесін көрсетеді.

      Кеңесті профессор, педагогика ғылымдарының докторы Айгүл Сәтбекова басқаратын болды. Ал төрағаның орынбасары болып доктор Жанат Бисенбаева тағайындалды. Доктор Сандуғаш Тілеубай диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы атанды. Профессор, педагогика ғылымдарының докторлары Гүлмира Майлыбаева мен Сақыпжамал Ұзақбаева кеңестің тұрақты мүшелері болып сайланды. Аты аталған ғалымдардың білімі мен біліктілігі кеңестің абыройлы қызметіне зор үлес қосары сөзсіз.

      Бұған дейін Қазақстанда «Шетел тілдері: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша небәрі екі диссертациялық кеңес болған. Солардың біреуі ғана Алматыда. Тағы бір диссертациялық кеңестің ашылуы аспиранттар мен докторанттар үшін кәсіби тұрғыда өсіп қана қоймай, әлемдік деңгейдегі ғалымдардан тәлім алуға мүмкіндік бермек. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде диссертация қорғауға басқа университеттерден қазірден өтініштер келіп түсуде.

       

      Бөлісу: