Министрдің баспасөз хатшысы Ержан Байтанаев Фейсбуктегі парақшасында Қазақстандағы ғылыми жаңалықтар туралы қызықты подкаст жариялады



    • Министрдің баспасөз хатшысы Ержан Байтанаев Фейсбуктегі парақшасында Қазақстандағы ғылыми жаңалықтар туралы қызықты подкаст жариялады

      Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми өкілі – министрдің баспасөз хатшысы Ержан Байтанаев Фейсбуктегі парақшасында Қазақстандағы ғылыми жаңалықтар туралы қызықты подкаст жариялады.

      «Өздеріңізге белгілі, қазіргі аламан дәуірде ғылыми прогресс көз ілеспес жылдамдықпен дамып келеді. Жаһандық бәсекеге қабілетті ғалым даярлау күн тәртібінде өткір де, өзекті мәселеге айналды. Оған қоса, бүгінгі отандық ғылымның ахуалы һәм оны дамыту жолында қандай нақты қадамдар жасалып жатыр?» – дейді министрдің баспасөз хатшысы.

      Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек подкастта ғылыми жаңалықтарды қаржыландыру, ғылыми-зерттеу институттарын трансформациялау, ғылымды коммерцализациялау, отандық ғылымның жетістіктері мен өзге де көкейкесті проблемалар туралы ашық әңгімелеген.

                                                                          

       

      Бөлісу: