Ректор Гүлмира Қанай Алматы қаласының мұғалімдерімен кездесті



    • Ректор Гүлмира Қанай Алматы қаласының мұғалімдерімен кездесті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай әдістемелік қолдау көрсету және тірек мектептердің әлеуетін дамыту мақсатында мұғалімдермен кездесті. №15 мектеп-гимназиясында өткен кездесуге 29 мектептен 100-ге жуық ұстаз келді.

      Ректор «Білім берудегі көшбасшылық» тақырыбында семинар өткізіп, оның аясында көшбасшылық әлеуетті ашуға және білім беру саласындағы көшбасшыларды дамытуға жағдай жасаудың маңызды аспектілерін атап өтті. Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы туралы мәселе қозғаған Гүлмира Қанай көшбасшыларды тәрбиелеуге баса мән берді. Мұғалімдер арасында көшбасшылардың қалыптасуына ықпал ететін жайттар туралы айтылып, білім беру процесін басқаруға тиімді тұстар мен олардың маңыздылығын атап өтті.

                                                         

      «Не себепті ұстаз көшбасшылығын дамыту қажет?» деген сұрақ көтерілді.

      Мектеп мұғалімдері білім берудегі көшбасшылық мәселесіне ерекше қызығушылық танытты. Семинар барысында олар көшбасшылық пен көшбасшылық құзыреттіліктің мәнін тереңірек түсіне алды. Бұл оларға алдағы уақытта өз ісінде көшбасшы болуға көмектеспек.

                                                                                   

      Сондай-ақ семинар барысында қабылдау және бағдар беру бөлімі қызметкерлері 10 және 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берді. 80 жылдық тарихы бар арулардың ақ ордасында оқытылатын мамандықтар жайлы мәлімет беріліп қана қоймай, педагогикалық мамандықтардың маңыздылығы мен тиімділігі туралы айтылды. Бұл түсіндіру жұмыстары жастарға болашақ мамандықтарын адаспай таңдауға өз пайдасын тигізді деген ойдамыз.

      Бөлісу: