QYZPU профессоры төсбелгімен марапатталды



    • QYZPU профессоры төсбелгімен марапатталды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Мөлдір Уразалиева Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін  төсбелгімен марапатталды. «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін Ғылым және жоғары білім министрлігінің атынан ректор Гүлмира Қанай салтанатты түрде табыстады.

      Мөлдір Уразалиева «Атамұра», «Алматыкітап», «Аруна» баспаларынан жарық көрген жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендердің авторы. 30-дан астам базалық оқулық пен әдістемелік нұсқаулар, хрестоматиялар және фонохрестоматия шығарған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің авторлық құқықты қорғау комитетінің  санаткерлік меншіктің иесі болып табылатын 24 куәліктің иегері.

                                                                               

      Профессордың 100-ден астам ғылыми-педагогикалық, әдістемелік еңбектері АҚШ,  Италия, Түркия, Словакия, Ресей, Әзірбайжан секілді шетел басылымдарында жарық көрді. 2016-17 оқу жылы жарық көрген  ҚР жалпы білім беретін мектептердің жаңартылған «Музыка» оқу бағдарламасы мен оқулық, әдістемелік кешенінің авторы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жариялаған «ЖОО-ның Үздік оқытушысы – 2016» байқауының грант иегері. 

       

      Бөлісу: