QYZPU түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша ұлттық университеттер арасында көш бастап тұр



    • QYZPU түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша ұлттық университеттер арасында көш бастап тұр

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұлттық жоғары оқу орындары арасында түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша көшбасшы болып танылды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тәуелсіз бағалауына сәйкес, зерттеу нәтижесінде «ұстаздар ұстаханасы» 89,23% жинады.

      «Ұлттық университеттерге келетін болсақ, мұнда 89,23 пайызбен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті көш бастап тұр», - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

      Қазақстандық жоғары оқу орындарын бағалау 2023 жылы 19 бағыт бойынша жүргізілді, олардың ішінде түлектерді жұмысқа орналастыру, яғни мамандықтардың еңбек нарығында сұранысы мен білім сапасы ең негізгі көрсеткіш саналады.

      Қыздар университетінің білім беру бағдарламалары да рейтингте алдыңғы орындарға ие болды. «6В01702 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «6В01511 - География - Тарих» және «6B03102 - Психология» білім бері бағдарламалары бағалауда бірінші орын алды.

      Сондай-ақ, топ 3-ке – 7 білім беру бағдарламасы, топ 5-ке - 14, топ 10-ға - 24 білім беру бағдарламасы кірді.

      Айта кетсек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, осымен алтыншы жыл отандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.

      Бөлісу: