QYZPU-ға Өзбекстаннан PhD докторы, доцент Феруза Ахмедова келді



    • QYZPU-ға Өзбекстаннан PhD докторы, доцент Феруза Ахмедова келді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің доценті,  PhD доктор Феруза Ахмедова келіп, «Әлеуметтану» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарына отбасы мен тұлға тақырыбында құнды дәріс оқыды.

                                                       

      Феруза Ахмедова отбасы мен жеке тұлғаға қатысты өзекті мәселелерді атап, сондай-ақ «Әлеуметтік институттар мен процестер» және «Әлеуметтанудың әдіснамасы мен әдістері» тақырыптарында дәрістер және практикалық сабақтар өткізді. Сабақ барысында әлеуметтік-мәдени мәселелер, сондай-ақ оларды іске асыру тетіктері талқыланды. Соның арқасында студенттер болашақ педагогикалық қызметіне қажетті білім мен тәжірибе алды. Әлеуметтік –гуманитарлық ғылымдар және өнер институты қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы оқытушылары өз кезегінде тәжірибелерімен алмасты. Мұндай білім алмасу процесі оқыту сапасын жақсартуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

                                                                                

      Айта кету керек, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандумға қол қойған. Осы құжат негізінде екі елдің қос білім ордасы тәжірибе және білім алмасып келеді.

       

      Бөлісу: