QYZPU студенті ТМД-ның үздік студенті атанды



    • QYZPU студенті ТМД-ның үздік студенті атанды

      Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар университетінің екінші курс студенті Ұлданай Өмірбай жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үздік студенті марапатына ие болды. Арнайы төсбелгі Астанада өткен «Жастар және ғылым: Тәуелсіздіктің жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда табыс етілді.

      ТМД бойынша үздік студенттерді анықтайтын халықаралық байқауды Үздік студенттер академиясы мен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған. Байқауға халықаралық, республикалық және өңірлік олимпиада жеңімпаздары мен жоба жүлдегерлері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың белсенділері, Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетіп жүрген спортшы студенттер қатысты.

      Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының студенті Ұлданай Өмірбайді зор жетістігімен құттықтаймыз!

      Бөлісу: