Балайым Амирқұл ТМД-ның үздік студенті атанды



    • Балайым Амирқұл ТМД-ның үздік студенті атанды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3 курс студенті Балайым Амирқұл ТМД елдерінің арасындағы жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық істерге белсенді атсалысқаны үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үздік студенті атанды. «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық байқауының жеңімпазы атанған Балайым арнайы төсбелгімен марапатталды. 

      «ТМД-ның үздік студенті» байқауын Үздік студенттер академиясы мен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды. Байқауға халықаралық, республикалық және өңірлік олимпиада жеңімпаздары мен жоба жүлдегерлері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың белсенділері, Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетіп жүрген спортшы студенттер қатысады. 

      «География – тарих» білім беру бағдарламасы бойынша қыздар университетінің қабырғасында білім алып жүрген Балайым екі жыл қатарынан Жаратылыстану институтының студенттік деканы және «Zerde» өзін-өзі басқару ұйымының төрайымы болды. Қазіргі кезде ол стратегиялық даму жөніндегі студенттік проректор. Оқуда озат студент қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысып қана қоймай, университет атын түрлі байқауларда танытуда.

      Бөлісу: