QYZPU-дің тағы 7 жас ғалымы баспаналы болды



    • QYZPU-дің тағы 7 жас ғалымы баспаналы болды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің тағы 7 жас ғалымы жаңа баспананың иесі атанды. «Жас ғалым» мемлекеттік тұрғынүй бағдарламасы арқылы құжат тапсырған PhD, магистрлердің өтінішін банк мақұлдады. Осымен қыздар университетінен барлығы 9 жас ғалым алда келе жатқан Наурыз мерекесін өз шаңырағында қарсы алатын болды.      

      Жаңа баспана иелері – биология ғылымдарының магистрі Маржан Ілиясқызы, химия ғылымдарының кандидаты Гүлзира Құдайбергенова, техника ғылымдарының магистрі Айдана Есенгелді, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі Шаймерден Нуртай, академиялық бағдарламаларды әзірлеу департаментінің директоры, PhD Аида Мейірқұлова, физика ғылымдарының магистрі Ғалия Исмаилова және педагогика ғылымдарының магистрі Әйгерім Төленді. «Жас ғалым» бағдарламасы арқылы баспаналы болған бұл жас ғалымдардың барлығы дерлік бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрған.

                                                                             

      Естеріңізге салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» бірлесіп, «Жас ғалым» бағдарламасын іске қосты. Нәтиждесінде бір ғана Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен 9 жас ғалым тиімді шарттармен баспанаға қол жеткізді.  

      Бөлісу: