Үздік белсенді түлектер марапатталды



    • Үздік белсенді түлектер марапатталды

      1 сәуір күні Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен «QyzPU Premium» Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының қоғамдық, шығармашылық, волонтерлік, сынды жастар саясатын дамыту бағытындағы үздік белсенді түлектерін ынталандыру мақсатында марапаттау және лауазымдық қызметтерін студенттік ректораттың жаңа құрамына табыстауға арналған кеші өтті. Университеттің  даму жолында өзіндік үлес қосып, студенттік өмірін белсенді өткізген QyzPU-дың дарынды түлектері арнайы премия және Ректор алғыс хатымен марапатталды. 

                                                    

      Инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Еркін Шажаұлы Дусипов белсенді студенттерге арналған құттықтау сөзін айтты. Болашақ педагогтардың алдағы өмірлеріне сәттілік пен жетістік тілеп, жаңа буын өкілдеріне әрқашан қолдау көрсететінін жеткізді.

      Студенттік ректораттың жаңадан сайланған құрамы өз кезегінде экс-төрағалардан ұйымдар мен туларын қабылдап алды. Студенттік ректор Оңласын Нұрайлым ант қабылдап, ресми түрде университеттің студенттік ректоры болды.

                                                                                 

      Белсенді түлектер естелік ретінде ресми туды туғырына қондырып, университетке тарту етті.  Кеш мерекелік шоулар мен әдемі әндермен үйлесім тауып, ерекше әсерге бөледі.

      • Үздік студенттік ректор - Кадирбек Венера Қуанышбекқызы 
      • Үздік тәртіп сақшысы - Мұрат Гүлбағда
      • ⁠Шығармашыл тұлға - Мәмбетжан Арайлым
      • Креативті түлек - Мамырхан Мерей
      • Адалдық жаршысы - Көпжасар Аружан
      • Үздік студенттік Проректор - Тыныштықбай Инабат Батырханқызы
      • Үздік төрайымы - Медет Ізет
      • Үздік студенттік кеңес төрайымы - Болатбек Перизат
      • Үздік студенттік декан - Тұрсынбай Ақбота
      • Үздік активист - Турдымуратова Шахсанам
      • Үздік ұйымдастырушы - Рүстембекова Жания
      • Үздік Гид - Сейтқан Ақерке
      • Үздік волонтер - Серік Ару
      • Үздік координатор - Аралбаева Шахсанем
      • ⁠Үздік төреші- Сауранбаева Балнұр
      • Үздік оратор - Рашбай Айгерім
      • Үздік сценарист- Нұржаубекова Аяла
      • Үздік жүргізуші- Үрпекова Нүрия
      • Үздік администратор - Амантева Аида
      • Үздік мотиватор - Жұмаділла Тоғжан

       

      Бөлісу: