Студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді



    • Студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

      «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Ақзира Серікқалиқызы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  студенттерімен кездесу өткізді.

      Мақсат – Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген міндетті жұмысты еңбекпен өтеуін қадағалау мен оған бақылауды қамтамасыз ету.

      Zoom платформасында және Қыздар университетінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өткен шараларға оқу орнында мемлекеттік білім тапсырысы негізінде оқитын студенттер мен биылғы бітіруші түлектер қатысты.

      Бірнеше күнге созылған кездесулер барысында университеттің Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Еркін Жұманқұлова менЖоғары оқу орнына дейінгі білім беру, кәсіби бағдар мен мансап орталығының басшысы Әсел Алшынова да қатысып, білім алушылар тарапынан түскен сауалдарға кеңінен әрі жан-жақты жауап берді.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: