QyzPU-да білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті



    • QyzPU-да білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне «MANGILIK EL JASTARY», «Еркем-Ай Алматы»  және «Bilim invest» білім беру ұйымдары өкілдері келді.

      QyzPU ректоры Гүлмира Қанай «Bilim Invest» вице-президенті Күләнда Уәлиханқызы Батырбекова,  «Еркем-Ай Алматы» ЖШС ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша директордың орынбасары Сағыныш Конысқызы Ошақпаева және «MANGILIK EL JASTARY» басшысы Абылай Беркінұлы Сайлауханмен кездесу өткізді.  

      Кездесуде мектепке дейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, серіктестер университетіміздің студенттерін іс-тәжірибеге қабылдауға дайын екенін жеткізді.  Аталған ұйымдардың өкілдері университеттің білім беру бағдарламаларының деңгейіне жоғары баға беріп, ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға қызығушылық танытты.

      Кездесу серіктестік қатынастарды нығайту, білім беру және ғылыми бағыттағы бастамаларды дамыту жолында маңызды қадам болды. Кездесу соңында білім беру ұйымдарының өкілдері В.А. Сухомлинскийдің «Балаға жүрек жылы» кітабының 30 данасын сыйға тартты.

      Құнды сыйлық университет кітапханасының қорын пайдалы кітаптармен толықтырды және алдағы уақытта студенттердің оқуы мен зерттеулеріне пайдасы тиеді деген сенімдеміз.

      Қонақтарға серіктестік қарым-қатынасты дамытуға қызығушылық танытқаны үшін және университет жұмысына жоғары баға бергені үшін ризашылығымызды білдіреміз.

       

      Бөлісу: