QyzPU студенттері республикалық олимпиадада жүлделі орын иеленді



    • QyzPU студенттері республикалық олимпиадада жүлделі орын иеленді

      Білім беру саласының сапасын арттыруда пәндік олимпиадалардың орны ерекше. Осы орайда, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 6В11102 - «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасы бойынша 2, 3 курс білім алушылары Студенттік ХVI Республикалық пәндік олимпадаға қатысты.

      Олимпиада  Қарағанды қаласында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ұйымдастыруымен 28-29 наурыз күндері «Өнер – қанат, білім – санат» тақырыбында өткізілді.

      Олимпиаданың мақсаты ең талантты және дарынды студенттерді іріктеу, қолдау, білім алушылардың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек беру. Республикамыздың бірнеше беделді ЖОО арасында болған додалы сайыста, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті, «6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының білім алушылары өнер көрсетіп, ситуациялық кейс шешу және шығармашылық этапта берілген тапсырмаларды орындап, жеңімпаз атанды.  

      Өнер көрсету барысында, «6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының 2, 3 курс студенттерінен құралған «Тамға» командасы жүлделі ІІІ орын иеленді. Ғылыми жетекшілері магистр, аға оқытушылар А.Ж.Досжанова, Ж.А.Дүйсенбай.

      Бөлісу: