QyzPU студенті Almaty Half Marathon 2024 жеңімпазы



    • QyzPU студенті Almaty Half Marathon 2024 жеңімпазы

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Айша Ракишева Almaty Half Marathon 2024 спорттық шарасында жеңіске жеткенін мақтанышпен хабарлаймыз! Халықаралық марафон 21.1 км қашықтық бойынша Алматы қаласында өтті.

      Айша еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында 30 елден 8000 қатысушыны жинаған халықаралық марафонда 1-орынға ие болды. Студентімізді университеттің ғана емес, еліміздің мерейін асырған жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алда алар асулары, бағындырар шыңдары көп болуына тілектеспіз!

      Бөлісу: